Ағымдағы жылдың 3 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы базасында "Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" КММ – мен бірлесіп, ҚР Елтаңбасы авторларының бірі, еңбек сіңірген сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібековпен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге қалалық орта, арнаулы оқу орындарының студенттері мен қалалық еріктілердің қатысуымен өтті.
Іс-шараның мақсаты - аға мен жас буын арасындағы байланысты нығайту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу болып табылады.