Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
  • орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18:00 - ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14-00 - ге дейін.

Сұрақтарды келесі телефон нөмірлері арқылы қоюға болады: 8 (7172) 725151 call centr

Орналасқан жері: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14.

Қоғамдық көлік: 64,10,58,53,73,5а,40,33,71, 20, 23.

Жеке көлікті тұраққа қою қаланың қоғамдық кеңістігі аумағында жүзеге асырылады.

Ағымдағы айға қабылдау кестесімен мына жерден табуға болады: «Қабылдау кестесі»

Өтініш беру

Наши партнеры