Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының» қала аудандары бойынша отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдері (Алматы, Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр) қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға, сонымен қатар көп балалы, аз қамтылған, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер ұсынады.                                                                                     

Отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдері келесі қызметтерді атқарады

  • азаматтардың жекелеген санаттарына (мүгедектерге), электронды өтініштерді жіберуге мүмкіндігі жоқ жандарға, өзіне-өзі қызмет көрсету залында «әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша кеңес береді.     

Портал арқылы келесідей қызметтер түрлері ұсынылады:

  • арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету,
  • техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету,
  • ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету,
  • жеке көмекшінің қызметін көрсету,
  • санаторлы-курорттық емдеу қызметтерін көрсету,
  • АӘК алушыларға әлеуметтік кепілдендірілген пакетке өтінім беру,
  • оффлайн режимінде мүмкіндігі шектеулі жандарға порталда жұмыс істеу үшін Электронды-цифрлы қолтаңба кілтін ашу бойынша қызмет түрлерін ұсынады.
Өтініш беру

Наши партнеры