Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде ҚР Парламент мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты – Дәулет Төлеутайұлы Мұқаев «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жұмыс сапарымен келді.
Осыдан 3 жыл бұрын ашылған мекеме қызметімен Орталықтың директоры Бахтияр Оралұлы Айтпаев пен директор орынбасары Қарлығаш Жұмағалиқызы Нүркенова таныстырды. Депутат «Open space» қағидаты бойынша қызмет атқарып келе жатқан мекеменің жұмысымен танысып, құқықтық, психологиялық және қаланың төрт ауданы бойынша отбасын әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерінің жұмысына ерекше тоқталып, Орталық қызметалушыларына жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанына жоғары баға берді.

Өтініш беру

Наши партнеры