Құрметті оқырмандар, Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат....
Қазақстан – біртұтас ұлт...” деп Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында айтып өтті.
Бұл мереке достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы. Осыған орай, еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

Өтініш беру

Наши партнеры