Ағымдағы жылдың 5 мамырында біздің орталықтың әйелдер қауымы ер әріптестерімізді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады! Олар керемет концерт пен ойындар ұйымдастырды, жұмыс ортамызды мерекелік көңіл-күйге толтырды. Ер адамдар мұндай көңіл мен қамқорлыққа риза болды. Сонымен қатар біздің нәзік жандылар ер адамдарға сыйлықтар түрінде жағымды тосынсыйлар дайындап, өте жағымды және әсерлі эмоциялар сыйлады. Іс-шара мерекелік дастарханмен аяқталып, ұжым достық атмосферада дәмді тағамнан ләззат алды. Мұндай күн қызметкелердің жүрегінде ұзақ уақыт қалады деп ойлаймыз. Барлығын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

Өтініш беру

Наши партнеры