Ағымдағы жылдың 10 мен 16 мамыры аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ-де Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы орынбасарының міндеттерін атқарушы Азамат Абайұлы Оспановтың тапсырмасы бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлер үшін 5 күндік тегін күндізгі оқыту ұйымдастырылды. Оқыту «Қазақстан Республикасының халықаралық арнайы педагогтар қауымдастығы» ЗТБ президенті, жоғары санатты логопед (нейродефектолог), нейропсихолог, педагогика ғылымдарының кандидаты 44 жылдан астам еңбек өтілі бар - Тойжан Сейдалиқызы Жаниеваның басшылығымен өткізіледі.
Оқытудың мақсаты арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру және ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа дағдыларды игеру болып табылады. Дәрістермен 50 әлеуметтік қызметкер қамтылады.
Астана қаласы бойынша бүгінгі күні үкіметтік емес ұйымдармен үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен 1 мың. астам бала қамтылған.

Өтініш беру

Наши партнеры