2024 жылдың 28 маусымында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұлттық комиссияның мүшесі, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы – Снежанна Валерьевна Имашеваның қатысуымен кезекті отырыс өтті.
Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі – халықтың репродуктивті денсаулығы.
Астанада 2024 жылғы 24-28 маусым аралығында ұрпақты болу денсаулығының маңыздылығы туралы халықты хабардар ету және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Өткен аптада ақпараттық іс-шаралар мен ашық есік күндерінде жастар мен жасөспірімдер репродуктивті денсаулық туралы көбірек біле алды:
- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері туралы;
- АИТВ және ЖЖБИ таралуының артуы;
- жатыр мойнының қатерлі ісігін тудыратын адам папилломавирусының алдын алу туралы.
Өткен аптада кез келген емханада немесе емдеу мекемелері жанынан құрылған жастар орталықтарында жасөспірімдерге тегін медициналық тексерулер жүргізіліп, кеңестер берілді. Бір апта ішінде елордада аталмыш акция аясында 200-ден астам іс-шара өткізілді.

Науқаннан күтілетін нәтижелері:
1) Халықтың репродуктивті денсаулық мәселелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
2) Медициналық тексеруден өтіп, кеңес алушылардың санын көбейту;
3) Қазақстанда репродуктивті денсаулық көрсеткіштерін жақсарту;
4) Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес органдар, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
5) Қиын өмірлік жағдайдағы әйелдер мен балаларға арналған әрекеттер алгоритмін түсіндіру.
@akimat__astana @aida_balayeva @jenis_qasymbek @baikenyesset @kanalimov @nazgulmakzhan @dinarabaiserkina @kopd_mp_rk

Өтініш беру

Наши партнеры