Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат» жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға тигізер залалы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан балалар мен әйелдер және отбасының басқа мүшелеріне келетін зардаптар мен олардың алдын алуға бағытталған шаралары туралы ақпараттар берілді.

Өтініш беру

Наши партнеры