Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты @saltanat_jenalayeva Дженалаева Салтанат Мұқанбетпанқызының азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде жекеменшік клиникаларда қызмет атқаратын медициналық қызметкерлерге баспана алу мәселесі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтар қарастырылды.
Қалалық мәслихат депутатының қоғамдық қабылдауы әр айдың екінші бейсенбісінде өтеді.

Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтініш беру

Наши партнеры