Бұл – халқымыздың жүрегінде қалған қайғылы кезең. Кеңес Одағының аумағында өмір сүрген халықтар жапа шекті. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жіберілсе, 100 мыңға жуық қазақстандық қуғын-сүргін алаңы арқылы өтті.

Осындай қайғылы оқиғаларға қарамастан, халқымыз ең ізгі адами қасиеттерін сақтап қалды. Қазір, өткенге көз жүгірте отырып, осындай ауыр сынақтан өткенімізді ұмытпай, бірлігіміз бен тәуелсіздігіміздің іргетасы болған жетістіктерімізді сақтауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алдында жазықсыз зардап шеккен барлық қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру міндеті тұр, «бұл – мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен бірге қоғамның моральдық борышы».

Елбасының бастамасымен КАРЛАГ және АЛЖИР лагерлері тарихи мемориалдық кешенге айналды. Олар қазір тарих үшін өте құнды орынға айналды.

Өтініш беру

Наши партнеры