Ағымдағы жылдың 21 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожинаның азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау кезінде санаторлы-курорттық емделу, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту сынды әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның дүйсенбі күні өткізіледі.
{gallery}2021news/21.06{/gallery}