Ағымдағы жылдың 30 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында онлайн және оффлайн форматында «Тігіс тігу өнері» атты тегін шеберлік сыныбы өтті.

Аталған шараға көп балалы және жалғыз басты аналар қатысып, Орталықтың инстаграмдағы ресми парақшасының оқырмандары да тікелей эфирді тамашалай алды.

”Тігіс  тігу өнерінің” мақсаты-қиын жағдайға тап болған аналарға қолдау көрсету, мотивация беру, өз кәсібін ашуға деген ынтасын ояту, еңбекке баулу.

Қатысушылар тігін шеберлігінің базалық дағдыларымен танысып қана қоймай, «Шопер» қол сөмкесін тігу үлгісі, «Құрақ» түрлерін жасау және қол иненің көмегімен киімдерді  қысқартумен танысты.

Шеберлік сыныбын жүргізген Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі, этнодизайнер, «HAZIFA» брендінің негізін қалаушы, «Ұлттық бренд» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық дизайн академиясының академигі-Қазипа Мұхаметқали.

{gallery}2021news/30-06{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры