Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемді  ұсынып, достық пейілді  таныту үлкен сауапты іс.

Осы мақсатта Елордамыздың туған күнінің қарсаңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы және «Аманжол-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрмыстық химиясы бар себеттер түрінде қайырымдылық көмек тарату бойынша акция өткізді.

Мұндай іс-шаралар жыл сайын көбірек кәсіпкерлерді тартады деп сенгіміз келеді, өйткені біз тек ортақ күш-жігерімізбен мұқтаж адамдардың жанына қуаныш сыйлай аламыз.

{gallery}2021news/02-07{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры