Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы  және Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет лигасы" заң консультанттар палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты- азаматтарға тегін заң консультациясын, консультациялық және сараптамалық көмек көрсету болып табылады.

”Әділет лигасы" заң консультанттары палатасының төрағасы Кәрім Мадина Нұржанқызының айтуынша, "Әділет лигасы"  "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының заңгерлерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда, заңгер, адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға заң көмегін ұсынуға дайын.

Осылайша, олар тек кеңес беріп қана қоймай, істі толығымен тегін негізде жүргізумен айналысатын болады.

{gallery}2021news/09.07{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры