Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасарлары Назымбек Әміржанұлы Кенжебаевтың және Нурхан Жандосұлы  Серикбаевтің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде тұрғын үйді жалдау, сәулет жобасын келісу, тұрғын үй-жайды қайта жоспарлау мәселесіне  қатысты бірқатар сұрақтар қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11.00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8 (7172) 27-86-49, 8 708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/14.07{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры