Тігіс тігу өнері көркем талғам мен шеберлікті дамытатын, шыдамдылық танытатын, ұқыптылыққа үйрететін, ішкі жан-дүниемізді байытып, орындалған жұмыстан шынайы рахат алғызады.

Естеріңізге сала кетсек,ағымдағы жылдың 30 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы базасында онлайн және оффлайн форматында  «Тігіс тігу өнері» атты тегін шеберлік сыныбы өткен болатын.

Аталған шараға көп балалы және жалғыз басты аналар қатысып,Орталықтың инстаграмдағы ресми парақшасының оқырмандары да тікелей эфирді тамашалады.

Бүгін сол игі істің бастамасы өзара келісіммен түйінделді. Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі, этнодизайнер, «HAZIFA» брендінің негізін қалаушы, «Ұлттық бренд» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық дизайн академиясының академигі-Қазипа Мұхаметқалидің «Hazifa» шебер мектебі мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы арасында меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта, тігіс тігу өнерін үйренгісі келген қыз-келіншектер тегін шеберлік сыныбына қатысып, бұл өнердің қыр-сырын үйреніп қана қоймай, өз кәсібін дамытуға мотивация, пайдалы білім ала алады.

Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты,қатысушылар саны шектеулі.Сондықтан, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 шілде күні, сағат 15:00-де кезекті «Тігіс тігу өнері» атты тегін шеберлік сыныбын өткіземіз. Жобаның басты мақсаты-қиын жағдайға тап болған аналарға қолдау көрсету, мотивация беру, өз кәсібін ашуға деген ынтасын ояту, еңбекке баулу. Ендеше,қапы қалмаңыздар!

Сабақтың барысын «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының инстаграмдағы ресми парақшасынан тамашалай аласыздар.

Келер аптадағы алғашқы «Тігіс тігу» өнерінің тегін шеберлік сыныбына қатысамын десеңіз төмендегі нөмірге хабарласыңыз: 8 778 260 05 53

{gallery}2021news/26.07.21{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры