Ағымдағы жылдың 27-ші шілдесінде «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қазақтың ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының базасында, «EDUCATIONAL SPACE»  әлеуметтік білім беру орталығы ұйымдастырған «SMART BOOK- АҚЫЛДЫ КІТАП» атты кітап оқу сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сайысқа 6-12 жас аралығындағы балалар қатысып,өздерінің бақтарын сынады. 27-шілде күні тесттің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақ  Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін және кітап оқуға деген  құштарлықтарын арттыру болатын.

{gallery}2021news/27-07{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры