Ағымдағы жылдың 4 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жер кадастр бөлімінің басшысы Жұлдыз Қанатқызы Алтаеваның азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде күрделі жөндеу жүргізуге рұқсат алу, жерді заңдастыру және ЖТҚ үшін жер учаскесін ресімдеу сынды сұрақтар қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11.00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/04.08{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры