Ағымдағы жылдың 11 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Смағұлұлы Бейсеннің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға,тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15.00 өткізіледі.
Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8 (7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.
{gallery}2021news/11.08.21{/gallery}