Ағымдағы жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Шапкенов Серік Жамбылұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жұмыс кездесуі өткізілді.

Министрдің Орталыққа келуінің басты мақсаты "Жанұя"отбасы институтын қолдау орталығының базасында пилоттық режимде іске қосылған «Жанұя» ақпараттық жүйесінің іс-жүзінде қаншалықты жұмыс істейтімен танысты.

«Жанұя» ақпараттық жүйесі бұл қиын өмірлік жағдайдағы әрбір отбасының әлеуметтік мәселелерін талдау және кешенді шешу (әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтау, ТЖС себептерін анықтау, оны еңсеруге көмек көрсету, әлеуметтік қорғаудың түрлі мәселелері бойынша кеңес беру, басқа әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, қажетті көмектің сипаты мен көлемін айқындайтын ақылды  ақпараттық жүйе.

Минстрдің қатысуымен өткен кездесуде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Ерланқызы Бектұрова, Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина,басшы орынбасарлары Илья Васильевич Скуб,Бахтияр Салауатұлы Гарифуллин, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Әсемгүл Сатыбайқызы Садыр болды.

Орталықтың жұмысына қатысты мәселелер талқыланып, одан әрі орындау үшін тапсырмалар берілді.

{gallery}2021news/17.08.21{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры