Ағымдағы жылдың 17 тамызында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында көп балалы аналардың, толық емес отбасыларда бала тәрбиелеп отырған аналардың қатысуымен «Барлығы отбасынан басталады» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Адамның қалыптасуы отбасынан бастау алады. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты,ақыл-ойы,адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы отбасында көрген тәрбиесіне байланысты. «Жанұя» орталығында өткен тренинг отбасылық құндылықтарды анықтауға және қалыптастыруға бағытталған. Орталықтың психологы Бибігүл Құтпанқызы қатысушылармен қолайсыз отбасының ерекшеліктері мен оның сипаты және отбасылық жүйені жақсартудың жолдарын қарастырды.

Қатысушылар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға,өзін-өзі диагностикалауға және отбасылық қатынастарды түзетуге ықпал ететін арт-терапиялық әдістер де қолданды.

Тренинг соңында аналар  өз әсерлерімен бөлісіп, өздерінің психологиялық тұрғыда шешімін таппай жатқан мәселелерін білді, отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынас жүйесінде  жаңа жаңалық ашты.

{gallery}2021news/17.08.2021{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры