Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы Нарбекова бастаған ұжым Орталықтың жұмысымен танысты.

2019 жылдың 26 тамызында Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасты қолдау және жалпы қоғамның әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында, пилоттық жоба ретінде ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының қызметі, Еліміздің басқа өңірлеріне үлгі болатындай орталықтардың қатарында.

Айта кететін жайт, 2020 жылдың мамыр айынан бастап Орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме мәртебесін алды.

Оңтүстіктен келген әріптестерді Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Сауле Ордабайқызы Нұрғожина және Орталықтың директоры Әсемгүл Сатыбайқызы Садыр қарсы алды.Тәжірибе алмасу мақсатында,ат басын Елордамызға бұрған әріптестер Орталықтың бөлімдерін аралап,жұмыстарына керек ақпарат ұсынылды.

{gallery}2021news/20.08{/gallery}

 

Өтініш беру

Наши партнеры