Ағымдағы жылдың 23 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожинаның  азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде медициналық-әлеуметтік мекеме, «Үміт» дағдарыс орталығы  және «Бастау-бизнес» жобасы  жайында сұрақтар қарастырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның дүйсенбі күні өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/23.08{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры