Қуанышты бөліссең көбейеді немесе жұмыла көтерген іс жеңіл. Иә, ағымдағы жылдың 26 тамызында «Жанұя» отбасы институтының ұжымы үшін ерекше әрі тарихта қалатын күндердің бірі болды. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра,сырттан қонақ қарсы алып, «Әлеуметтік сүйемелдеу» бөлімінің қамқорлығындағы көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларды,мүмкіндігі шектеулі жандарды,алтын құрсақты аналарды (адам саны шектулі) Орталықтың шаңырағына жинап, өнер иелерімен бірлесе қайырымдылық іс-шара өткіздік.

Орталық 2019 жылдың 26 тамызында қала тұрғындарына есігін ашты. Пилоттық жоба режимінде өз жұмысының жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің қолдауымен 2020 жылдың мамырынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде  ресми түрде жұмыс атқарып келеді.

«Жанұя жылуы» қайырымдылық іс-шарасын Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина құттықтау  сөзімен бастап,барша тұрғындарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады. Орталық директоры Әсемгүл Сатыбайқызы Садыр жұмыста үздік атанған қызметкерлерге алғыс хаттарын ұсынды. Ал, «Stable construction» ЖШС-ң басшысы Оганес Размикович Мелконян  «Жанұя жылуы» жобасының аясында өткен «Менің сүйікті отбасым» атты байқаудың жеңімпаздарына канцеляриялық заттарды сатып алу үшін ақшалай сертификаттарын тапсырды. Ал,Орталықтың базасында өтіп жүрген «Тігіс тігу өнері» атты тегін шеберлік сыныбының жетекшісі - кәсіпкер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, этнодизайнер, «Нazifa» брендінің негізін қалаушы - Қазипа Мұхаметқали аталмыш шеберлік сыныбының қатысушыларына,көп балалы аналарға өз атынан сыйлықтар табыстады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы  бабамыздың «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» -деген. Осындай ақ жүректі өнер иелері «Жанұя жылуы» іс-шарасына үлестерін қосып,келген қонақтарымызға ұмытылмас концерт сыйлады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық  филармония»  жұлдыздары  МКҚК, «Қуыршақ театры» МКҚК  актерларына  алғысымызды білдіреміз.

{gallery}2021news/26.08{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры