Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй, ауланы абаттандыру, жер мәселесі және де тұрғындардың басқа да сұрақтары қарастырылған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтініш беру

Наши партнеры