Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Балталыұлы Байжановтың азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның жұма күні сағат 15.00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтініш беру

Наши партнеры