Қыркүйек айының екінші жексенбісінде бүкіл ел болып, “Отбасы” күні мерекесін тойлаудамыз. Сондықтан, “ Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы бұл мерекеге аптаны арнап, барынша пайдамен өткізуге тырысты.

Қыркүйектің 8 -ші жұлдызында Ақтөбеден қонақ қарсы алып, белгілі медиатор, психолог Бибігүл Әбдішүкірқызымен кездесу өткіздік. Орталыққа келген қыз-келіншектерге баға жетпес өмірлік кеңес, отбасылық құндылықтар жайында айтылды. Кездесу соңында нәзік жандылар эмоцияға беріліп, Орталыққа осындай кездесу ұйымдастырғанына алғыстарын жаудыртты.

“Отбасы” күні мерекесі белгілі журналист, PHD докторы, алаштанушы, көпбалалы ана, биылғы “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары - Алма Сайлауқызының берген сұқбатымен жалғасты. Орталық директоры- Садыр Әсемгүл Сатыбайқызының қолына қонағымыз өзі жазған “Бақытты келіншек” кітабын табыстап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әсерлі сұқбат, демеушілер ұсынған сертификаттар мен өнер иелерінің концертімен жалғасты.

“Отбасы” күні мерекесі баршамызға құтты болсын! Өнегелі, үлгі болар отбасы көп болса, Еліміздің көркейгені емес пе? Отбасымызды көздің қарашығындай сақтайық! Ынтымақ-бірлікте өмір кешейік!

{gallery}2021news/08.0921{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры