«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды.

«Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті қазақстандық қоғамды құруға қатысатын барлық құрылымдарды ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету жолымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын ілгерілету стратегиясын әзірлеу және іске асыру мақсатында салмақты жобаларды іске асырып келе жатқан бұл - «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ-дің миссиясы.

Осындай үлкен институттың маңызды құрылымының бірі - «Отбасы институтын зерттеу орталығы» -ның өкілдерін “Жанұяда” қарсы алдық.

«Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы саясаты тақырыбында атқарылып жатқан зерттеулер, Еліміздің әр отбасы үшін маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен мақсат-жоспарлардың арқасында ауқымды іс-шаралар өткізілетініне сенім артып, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасының орынбасары Төлепбергенов Аманбек Көрпебайұлына өзара ынтымақтастық жөнінде жасаған келісіммен құттықтап, қол алысты.

{gallery}2021news/10.09.21{/gallery}

 

Өтініш беру

Наши партнеры