Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы жер кадастр бөлімінің басшысы Жұлдыз Қанатқызы Алтаеваның азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде жер қатынастарына қатысты сұрақтар қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 11:00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/15.09{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры