Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Инватакси" қызметінің сапасын жақсарту бойынша кеңес өтті. Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 23 шілдесінде қалалық мәслихат депутаттары ұйымдастырған мониторингтік топтың атқарған жұмыстарына қатысты мәселелер талқыланды. Автобус желілері бойынша Инватакси автокөліктерінің жүруіне рұқсат беру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған белгілердің астында «Инватакси» машиналарына тоқтауға рұқсат беру, сондай-ақ теміржол вокзалы мен әуежай аумағына тегін кіру мүмкіндігі қарастырылды.

Мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша қала мәслихатының депутаттары «Инватакси» қызметтеріне мүмкіндігі шектеулі жандарды  автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсету қағидаларының талаптарын сақтай отырып, «Инватакси» қызметін көрсетуді, қызметкерлер мен жүргізушілерге жеке өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу мен оның орындалуын, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тұрақты бақылауында болатын осындай қағидалардың бұлжытпай сақталуын бақылауды ұсынды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандарды  тасымалдау бойынша инватакси қызметін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға, мүмкідігі шектеулі жандарды  автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады (ҚР Көлік және коммуникация министрінің 1.11.2013 жылғы № 859 бұйрығы).

Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының басшысы, мониторингтік топтың төрағасы Владислав Алексеевич Сергеев, Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Ордабайқызы Нұрғожина, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала мәслихатының депутаттары, "Астана қаласының Көлік жүргізушілер қауымдастығының" төрағасы, "City Transportation Systems" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

{gallery}2021news/14.09.21{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры