Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "ЖАНҰЯ" отбасы институтын қолдау орталығында «Отбасы күніне» арналған «Бақытты отбасы – мықты мемлекеттің негізі» атты фестиваль аясында марапаттау рәсімі өтті.

Шара барысында "Отбасымның біркүні" челленджіне видеолар жолдаған қала тұрғындары келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарды иеленді: «Асыл әже», «Еңбекқор отбасы», «Аяулы ана», «Қамқор әке», «Егемендіктің еңселі шаңырағы».

Аталмыш іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі  Әбден Қарақат Жақсылыққызы, «Мерейлі отбасы» байқауының 2 орын жеңімпазы, педагогика саласының үздігі Носиев Қажымұрат, тарихшы, этнолог, «Қара шаңырақ» жобасының авторы Шәкен Тұрар Сәттарқызы, ақын, журналист, тележүргізуші Нәзира Бердалы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова, Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Малик Сералыұлы Шегебаев, Ішкі саясат басқармасының Үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Ердос Бауыржанұлы Алтынбеков қатысты.

{gallery}2021news/16.09{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры