Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Тілеуханқызы Елімсаринаның азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау барысында тіркеуге тұру, тұрғын үй алу, мектепте тамақтану, мүмкүндігі шектеулі балаларға арналған балабақша ашу және басқа да әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімі, әкімнің орынбасарларымен азаматтарды қабылдау жұма сайын сағат 11:00-де жүргізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/17.09{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры