Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттерді уақытылы төлеу бойынша ата-ана міндеттерінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың қызметкерлерімен кеңес өтті.

Кеңестің мақсаты - кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу бойынша сот шешімдерін орындаудың тиімді әдістерін әзірлеу.

Орталық директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы қатысушыларды алғы сөзбен қарсы алып, 2021 жылдың басынан бастап Орталыққа 40 000 мыңнан астам азамат жүгінгенін және олардың ішінде өзекті мәселелердің бірі балалар алдындағы құқықтар мен міндеттемелерді қорғау болып табылатынын баса айтты.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, елордамыздың өзінде қарыз сомасы 5 млрд. теңгені құрайды,ал алимент бойынша борышкер саны 15 мыңға жетіп отыр. Сондықтан, алимент өндіріп алудың «тетігі туралы» проблемалық мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен талқылау- алдағы уақытта бала алдындағы жауапкершіліктен қашып жүрген ата-аналарға тиімді іс-шара қолдануға септігін тигізетініне, еш күмән жоқ.

Қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің бастамасымен берік отбасын құру бойынша жұмыс істейтін Орталық алимент өндіру жөніндегі уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының пәрменді тетігін әзірлеуді жоспарлап отыр.

{gallery}2021news/23.09{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры