Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Әбдіразақұлы Саиповтың азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00 өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/29.09{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры