Бүгін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының Әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Қарлығаш Жұмағалиқызы және «Тігіс тігу өнері» атты тегін шеберлік сыныбының қатысушысы, көпбалалы ана Айгерим Хуат республикалық телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында Орталық жұмысы және оның қиын жағдайларға тап болған отбасыларға деген көрсететін көмегі жайлы айтылып, «Тігіс тігу өнері» шеберлік сыныбы белсендісі өзінің шебер сыныбы барысында үйренгенімен бөлісті.

Эфир кейіпкері алты баланың анасы Юлия Микула өзінің іс тігуге деген қызығушылығы мен шабытын тікелей эфирде көрсетіп, «Жанұя» Орталығындағы тегін шеберлікке қатысып жүрген қыз-келіншектердің қатарына қосылып, іс тігуді жалғастыратынын айтты.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған ана Юлия көз жасына ерік беріп, «ASAR-UME» мәдени-ағарту қайырымдылық қорының, ақ пейілді халықтың қолдауымен бүгін баспанаға ие болды. Аналар бақытты болуға лайық!

{gallery}2021news/04.10{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры