Ағымдағы жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде көкөніс павильонын орнатуға рұқсат беру, Есіл өзенінің жағалауында кәсіпкерлік қызмет үшін орын беру, дәрі-дәрмек беруге көмек көрсету және басқа да әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сейсенбі күні сағат 16:00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Өтініш беру

Наши партнеры