Ағымдағы жылдың 12 қазанында алдағы келе жатқан Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Орталық ұжымы 11 – 15 қазан аралығында өткізілетін «Жанұядан тарту» атты апталық іс-шаралардың аясында «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын  өткізді.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған, Орталықтың «Әлеуметтік сүйемелдеу» бөлімінің мамандарымен зерттелген отбасыларына, демеушілеріміз  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы Бағдат Болатұлы  Данияровпен бірлесе отыра, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, қайырымдылыққа үлес қосты.

Демеушілік танытқысы келетін жомарт жандар тыс қалмай, қатарымызға қосылуларына болады. Орталықтың есігі жақсылық жасауға дайын тұратын жан үшін әрқашанда ашық!

Өтініш беру

Наши партнеры