Ағымдағы жылдың 19 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау кезінде газ жүргізу үшін үйге жанама құрылысты заңдастыру, Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуі және әлеуметтік сипаттағы басқа да мәселелер бойынша материалдық көмекке қатысты мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі, әкім орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сейсенбі күні сағат 16:00 өткізіледі.

Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

Өтініш беру

Наши партнеры