Ағымдағы жылдың 17 қазанында Мемлекеттік Басқару академиясында Ресейдің жоғары деңгейдегі басқарушы кадр резервіндегі қызметкерлерінің «Ұлттық мақсаттарға жету жолындағы адами капиталды дамыту» тәжірибе алмасу күндері басталды.

Осы орайда 19 қазанда «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығына Ресей Федерациясынан «Әйелдердің жұмыспен қамтылу тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау» атты жобамен жоғары деңгейдегі басқарушы федеральді кадр резервіндегі қызметкерлер мен президенттік кадр резервіндегі ұлттық жобалар мен бағдарламаларға тартылған бір топ делегаттар Орталықтың жұмысымен танысу мақсатында іс-сапармен Елордаға келді. Көршілес елден келген лауазымды тұлғаларды «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары – Скуб Илья Васильевич пен Орталықтың директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы қарсы алды.

Орталықпен танысқан жоба қатысушылары: Омбы облысының еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Варнавская Ирина Павловна, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Масляхан Артем Витальевич, Удмурт Республикасы Басқармасы мен Үкіметі әкімшілігінің жобалау басқармасының басшысы Маликова Диляра Мансуровна, Ранхигс "Мемлекеттік басқару Жоғары мектебі" институты директорының орынбасары Колесников Алексей Маркович. Қонақтар, Орталықтың қызметіне жоғары баға беріп, бөлімдердің жұмысымен танысып, алда атқарар ісімізге сәттілік тіледі.

{gallery}2021news/19.10.2021{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры