Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясымен бірлесіп Академия базасында ағымдағы жылдың 17-23 қазан аралығында ресейлік мемлекеттік қызметшілер үшін шетелдік тағылымдама бағдарламасын жүзеге асырды.

Оқу бағдарламасы аясында қатысушылар – Ресейдің жоғары деңгейдегі басқарушы кадрларының федералдық және Президенттік резерв өкілдері «Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының құрамымен кездесіп, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсету бойынша атқарған қызметімен танысқан болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры Е. Әбіл аталған кездесуді жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыруға қолдау білдірген үшін Орталық директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызына алғысын білдіріп, Орталық жұмысына табыс тіледі.

 

 

Өтініш беру

Наши партнеры