Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Гаоифуллин Салауатұлының азаматтармен қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында АӘК тағайындау, протездік-ортопедиялық құралдар, "Қамқор" орталығына орналастыру бойынша және тағы басқа әлеуметтік бағыттағы сұрақтар қарастырылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның дүйсенбі күні өткізіледі.
Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.
{gallery}2021news/15.11{/gallery}