Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Смағұлұлы Бейсен азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қоюға, үйдің құрылысы жайлы және тұрғын үйді жалға алуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының, басшы орынбасарларының қоғамдық қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00 өткізіледі. Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.