Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау барысында кәсіпкерлік қызметпен айналысу, тұрғын үйді жалға алуға көмек көрсету және тағы басқа әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

 

 

Өтініш беру

Наши партнеры