Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының болашақ түлектері мен «Қанаттылар» театрының өкілдерімен офлайн және онлайн форматта «Ақыл. Қайрат. Жүрек» атты кездесу өткізілді.
Арнайы қонақтар - Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академилық филармониясының солисті, «Париж открывает таланты» ГРАН-ПРИ иегері, Париж, Франция 2020, «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының иегері, Халықаралық «Magic voice» 2019 байқауында І-орын иегері Мұқатаева Алтыншаш Мейрамғазықызы, халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекттік академилық филармониясының солисті Айдын Жұмабаев, «Жастар театрының» жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театр жетекшісі Ысқақов Арнұр Қайнарбекұлы, "Мирас А" қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Жүзбай Серік, ДЦП диагнозына қарамастан өзінің кәсібін айналдырып, отбасын құрған, жастарға нағыз мотивация беріп кеңестерімен бөліскен Алтынгазов Қуаныш Ғабитұлы.
Орталыққа келген жас буын, болашақ әлеуметтік қызметкерлер өз кәсібіне деген қызығушылықтары артып, келген қонақтардың берген сұқбатынан керегін көңілдеріне тоқыды деп үміттенеміз. “Жанұя” Орталығының директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы келушілерге өзінің үлкен алғысын айтып, алдағы уақытта шығармашылық байланыс орнатуға үндеу жасады. Сұқбат Алтыншаш Мұқатаева мен Айдын Жұмабаевтың музыкалық нөмірімен, әрі қарай колледж студенттеріне Орталық психолог маманымен дайындалған арт-терапиялық әдістемесімен жалғасын тапты.