«Бақытты отбасы» көпбалалы аналар орталығы мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ағымдағы жылдың 29 қарашада өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды.

Қоғам мен отбасының маңызды құрылымдарының бірі - аналармен жұмыс істеу Орталығының директоры, қазақстандық "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, бүгінгі күндері бүкіл қазақ халқына танымал, әрі ұлтымыздың қол өнері мен бұйымдарын қайта жаңғыртып, қадiрiн арттырып, заманауи технология тiлiмен үндестiрiп, оны халықаралық деңгейде танытып, насихаттап жүрген ірі кәсiпкерлерiмiздiң бiрi, этнодизайнер Ырза Тұрсынзадамен @yrza_tursynzada кездесу "Жанұя" орталығының базасында өтті.

Орталық елордадағы әлеуметтік осал отбасылардың кез-келген өмірлік мәселелері бойынша кеңес беретін алғашқы орталық болып табылады және аналар үшін қол-өнер, киім пішіп-тігу курсы, жеке тұлғаны қалыптастыру мен ынталандыру, әлеуметтік желіде жеке кәсіпті ұйымдастыру курсы, компьтерлік, аспаз, кондитер, ағылшын тілі сияқты көптеген ақысыз курстар мен тренингтер жүргізіледі.

«Жанұя» Отбасы институтын қолдау орталығының директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы алда Орталықтың атқаратын жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен мақсат-жоспарлардың арқасында ауқымды іс-шаралар өткізілетініне сенім артып, «Бақытты отбасы» орталығының басшысымен өзара ынтымақтастық жөнінде жасаған келісіммен құттықтап, қол алысты.

{gallery}2021news/29.11{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры