Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атынан «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

«Сіздің жоғары жеке қасиеттеріңіздің тікелей дәлелі болып табылатын марапатқа ие болуыңызбен құттықтаймыз. Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді. Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын».

«Жанұя» Орталығының қызметкерлері

 

{gallery}2021news/10.12{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры