Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі Есет Берікұлы Байкеннің азаматтарды қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Азаматтарды қабылдау барысында балалар алаңын абаттандыру, аула аумағын асфальттау және тағы басқа әлеуметтік сипаттағы мәселелер қаралды.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының азаматтарды қабылдауы әр сейсенбі күні сағат 16:00-де жүргізіледі. Аудан әкімдіктері мен басқарма өкілдеріне қоғамдық қабылдауға жазылу үшін Орталықтың 8(7172) 27-86-49, 8708-425-18-66 біріңғай байланыс нөміріне хабарласа аласыздар.

{gallery}2021news/20.12{/gallery}

 

Өтініш беру

Наши партнеры