Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – ел тірегі!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Еліміз бен халқымыз осы күнге жету үшін ұзақ және күрделі жолдан өтті. Бұл күн қазақстандықтар мақтан тұтатын және еске алатын тарихи оқиғаларға толы. Кездесуге қатысушылар Зоя Галымовна Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі және Мұхаметжан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжінің студенттері тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихына шолу жасап, арнайы қонақтарымызбен дәріс-cұхбат жүргізді.

Орталық қонақтары ел алдында жас болса да игі істерімен, еңбекқорлықтарымен, білімдерімен көзге түсіп жүрген «Егемен Қазақстан» газетінің журналисті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының «Үздік баспасөздегі материал» аталымы бойынша жеңімпазы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы төсбелгісінің иегері Абай Асанкелдіұлы Отар, «Біз біргеміз» қоғамдық қорының төрайымы, шығармашылық пен еріктілікті тең алып жүрген, жарқын жастардың бірі Перизат Қайрат, сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштері Әскери патриоттық орталығы ансамбілінің әншісі, екінші дәрежелі «Ел қорғаны» атты медалінің иегері Берік Ержанов, Орталық Азиядағы ең ірі музей өкілі, Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Ләззат Төлеуғожақызы Әлжан және Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс студенті Айгерім Азаматқызы Қабылбекова болды.

Сұхбат барысында қонақтар өз өмірбаяндары жайлы және нақыл сөздерін айта отырып әр азаматтың тәуелсіздікті одан әрі нығайтып сақтау жолындағы жастардың маңызды рөлін айта кетті. Іс-шара Берік Ержановтың патриоттық және отанға деген махаббат сезіміне толы ән шырқауымен аяқталды.

 

Өтініш беру

Наши партнеры