«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының директоры Садыр Әсемгүл Сатыбайқызы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда» атауымен өткен ғылыми конференцияға қатысты.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өту аясында Елордада мыңдаған шаралар өткізіліп, елдің есінде қалар іс-шаралары өз жалғасын тауып келеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Бабамұратов Дәурен Абуталипұлы баса айтты.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде саясат, экономика, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт сияқты түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетті. Осының бәрі елімізді бүкіл төрткүл дүниеге танытты. Отбасы институтын нығайту жұмыстарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету өте маңызды. Дәл осы бағытта «Жанұя» орталығы жұмыс істеп, оның жетістіктері жайында директор Садыр Әсемгүл Сатыбайқызының сөзінде айтылды.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, еңбек ардагері Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы және Нұр-Cұлтан қаласының зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары бас қосқан жиында Елорданың 30 жылда жеткен жетістіктерін жарыса айтып, конференция соңында тарихи күнге арналған «Нұр – Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары», «Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер» және «Ел жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты ән жинағы кітаптарының тұсауын кесті.

{gallery}2021news/27.12{/gallery}

Өтініш беру

Наши партнеры